«Мұзафар Әлімбаев және қазақ балалар әдебиеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция » Общеобразовательная школа № 66 отдела Управления образования Жетысуского района г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№66 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 239-34-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 239-34-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұзафар Әлімбаев және қазақ балалар әдебиеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
30
қазан
2023

«Мұзафар Әлімбаев және қазақ балалар әдебиеті» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

https://www.instagram.com/p/Cy5A9RkIgij/?igshid=NHBmY21vNjZjNnJh
27.10.2023 ж
Читающая школа:
27 қазан, сағат 11.00-де 
ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Қазақ  газеттері» ЖШС-ның ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен  халқымыздың аса көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы, «Балдырған» журналының тұңғыш бас редакторы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл және «Балдырған» журналының шыға бастағанына 65 жыл толуына орай «Мұзафар Әлімбаев және қазақ балалар әдебиеті» атты офлайн және онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Біздің елімізде Мұзафар Әлімбаевтың есімі үлкенге де, кішіге де жақсы таныс. 95 жыл ғұмыр кешкен абыз ақынның қазақ әдебиетіне, соның ішінде балалар әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына, өркендеуіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ол өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап өмірінің соңына дейін 60-қа жуық кітабын шығарған. Шығармалары әлемнің 30 шақты тіліне аударылып, 300-дей әнге сөз жазған. Биыл ардақты ақынның 100 жылдық мерейтойы елімізде кеңінен аталып өтуде. Мерейтой мәдениет ошақтары мен жоғарғы оқу орындарында, мектептерде әлі де жалғасуда. Бұл конференция да соның бір көрінісі.
Биыл шыға бастағанына 65 жыл толып отырған Мұзафар Әлімбаевтың 1958 жылы жаңадан ашылған «Балдырғанға» бас редактор болып тағайындалған Мұзағаң журналды табаны күректей 28 жыл бойы үздіксіз басқарған жан. Алғашқы нөмірінен бастап, барын сала еңбек еткен Мұзағаң жанына талантты жігіттерді жинап, аз ғана уақыттың ішінде «Балдырғанды» бүлдіршіндердің сүйікті журналына айналдыра білді. Таралымын 220 мыңға дейін жеткізді.
Соғыстан кейінгі жылдары аяғын тәй-тәй басып тұрған қазақ балалар әдебиеті де "Балдырған" журналы шыға бастағаннан тынысы ашылып, дами бастады.
«Балалар әдебиетінің бас бағбаны» тақырыбында Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты фотолар мен газет-журналдар көрмесі және 
«Балдырған» – балалар әдебиетінің бас кітабы» тақырыбында журналдың тарихын паш ететін көрме ұйымдастырылды.