“Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсатына жету жолдары” шеберлік сынып » Общеобразовательная школа № 66 отдела Управления образования Жетысуского района г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№66 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 239-34-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 239-34-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсатына жету жолдары” шеберлік сынып
09
ақпан
2021

“Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсатына жету жолдары” шеберлік сынып

Алматы қаласы Жетісу ауданы #66 жалпы білім беретін мектепте 25.01-12.02 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өту үстінде. Осы онкүндік аясында 09.02 күні мектебіміздің жоғары санатты шебер ұстазы Айя Алшынбекқызы “Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу мақсатына жету жолдары” тақырыбында мектеп ұстаздары үшін шеберлік сынып ұйымдастырды. Шеберлік сыныптың мақсаты: педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда оқу мақсаттарын қолдануы және тәжірибе алмасу, шеберлік сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету, үйренушілердің қызығушылығын тудыру. Шеберлік сынып барысында психологиялық ахуал жақсы орын алды. Ұстаздар топқа бөлініп, белсенді түрде жұмыс жасады. Психологиядық тренинг қатысушылардың шығармашылық шабытын оятты. Шебер сынып қатысушылары қарастырылып отырған тақырыпқа қызығушылықтары артып, белсенділік танытты. Шеберлік сыныптың соңында қатысушылар “Рефлексия парағын” толтырып, кері байланыс жасады. Бұндай шеберлік сыныбының берері көп. Ұстаздар алған білімдерін жинақтап, әдіс-тәсілдерін өмірде қолдана, жүзеге асыра алатын болады.